Туризм • 09 Тамыз, 2023

Жеті визит-орталық салынды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдан бастап жеке инвесторларды тарту есебінен елімізде ұлттық парк­тер мен басқа да табиғи орындарында жеті визит-орталық салынып, туристердің игілігіне берілді. Атап айт­қанда, визит-орталықтар Аюсай, Түргенсай, Сартас, Шарын, Горельник, Медеу және Altynemel ұлттық парктерінде бой көтерген.

Жеті визит-орталық салынды

Жақын арада Түрген және Бутаковка шат­қал­дарында да визит-орталық салына­ды деп жо­спарланған. Бүгінде елімізде туризм сала­сындағы кәсіпкерлерді мемлекет­тік қолдаудың жеті тетігі бар. Атап айтқан­да, әр туроператорлардың шығындарын суб­сидиялау, балаларға еліміз бойын­ша авиа­билеттердің құнын субсидиялау, кәсіп­кер­лерге тау-шаңғы курорттарының жабдық­та­рын, көлік құралдарын сатып алу (25%), жол бойындағы сервис нысандарын салу, ту­ристік нысандарды салу және реконструкция­лау (10%) шығындардың бір бөлігін өтеу, сон­дай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған субсидиялар (айы­на 83 300 теңге) жатады.

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Елді еңселендіретін қадам

Пікір • Бүгін, 08:50

Жасампаздық бастауы

Пікір • Бүгін, 08:38

Қоғам өміріндегі өзгеріс

Пікір • Бүгін, 08:33

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30