Ауа райы • 07 Тамыз, 2023

Ертең ел бойынша екпінді жел соғады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан синоптиктері 8 тамызға арналған ауа райы қандай болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең ел бойынша екпінді жел соғады
Мамандардың айтуынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр.
«Елдің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тек Қазақстанның батысында күн жауын-шашынсыз болады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Нақтырақ айтқанда, ел бойынша екпінді жел соғады. Қазақстанның солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +28+30°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +31+36°С.