Қоғам • 04 Тамыз, 2023

Сұлулыққа ұмтылу

190 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматының аптап ыстығында Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ашылған «Болатты кескіндеме» атты көрмеден тау қойнауының бой мұздатар салқын лебі еседі. Өмір бойы теңіз бен толқынды жырлап өткен Айвазовский сынды суретші, архитектор, музыкант Болат Ахметов те шығармашылық ғұмырын жер шарындағы ең сұлу саналатын шыңдар мен мұздықтар тақырыбына арнады.

Сұлулыққа ұмтылу

Көрмеге суретшінің соң­­ғы жыл­дардағы атаулы кес­кін­демелік пейзажда­ры­нан тұ­ратын он алты жұ­мы­сы қо­йылған. Тянь-Шань тау­ла­рын­дағы кө­рікті жердің қа­рыс қа­дамын да назардан қағыс қал­дырмай, қылқалам шеберінің асқан махаббатпен қамтығаны байқа­ла­ды. Суретшінің қандай әдіс­ті қолданғаны белгісіз, бір қызығы, қараған адам тау­ларға терезеден көз тастап тұрғандай күй кешеді.

Табиғат – алуан түрлі ерек­­шелікке бай сұлу жараты­лыс. Әсіресе таулардың әсем кө­рінісі адам жанын тебі­­рен­те­тін құбылыс. Тау­лар­­­дың алып қойтастары, қырат­тары, биік қарлы шың­­да­ры кес­кіндемелік әдіс­терсіз-ақ көркем. Сон­дықтан да Болат Ахметовтің гипер­ реа­­листік таулы пейзажда­ры таби­­ғаттың өзіндік көр­кем­дігіне артық нәрсенің керек­сіз­дігін дәлелдейді. Ол осы серия­лық жұмыстарында Тянь-Шань мұздықтары мен шыңдарын жазған. Бейне­леу өнерінің негізгі қағида­сы – сұлулыққа ұмтылу. Ал таулардың ең сұлу жерлері – биік шыңдары болса керек. Қысқаша айтқанда, тау шыңына ұмтылу – сұлулыққа ұмтылумен бірдей.

«Суретшінің туындыла­рында алдыңғы пландағы бел­гі­лі бір шыңның тура бей­не­сі тама­шалауға ыңғайлы дең­гейінде орын­далып, ерек­ше бұлттармен үйлесім тап­қан. Көкжиексіз көк аспанмен араласып, ұлылық сезімін ұялатады. Туындыларға бір көз тастағанда, қыратты шың­ның түстер түзілімі нақты, қайталанбас пішіндер, қатаң бұрыштар және ойнаңқы жа­рық-көлеңкені көруге бола­ды. Мысалы, «Озерный шы­ңы» картинасында дәл орта­да суық ақ-қоңыр түсті шыңның бас­ты бейнесін және де айналасы қалың қарлы таулармен жалғасып, жоғарғы жағы аспанмен таласып тұрғандай әсер береді. Күнге шағылысқан қардың суық түсін қоңыр тасты шыңдармен үйлестіріп жазған. Таулы шыңның ауа кеңіс­тігі үйлесімділікті сақ­тап тұрады», дейді көрме жетек­шісі Дарын Жиенбаев.

Ақиық таулардың алып­ты­ғы, жан-жағымен үйле­сімі, артық-кемсіз салтанаты көр­ген адамды баурамай қой­мас. Бұл тек табиғи тұр­ғы­дан ғана емес, тұлғалық тұр­ғы­дан да тақырыптық си­пат­қа ұмтылыстың көрінісі. Мұз­дықтарды жазудағы гипер­реа­листік тәсілді ұтымды таң­даған бірегей суретшінің дүние­ден өткеніне, міне, биыл бір жыл толды. Тау мен шың­ды, биіктік пен сұлулықты аңсаудан туған «Болатты кес­кіндеме» атты көрме қай­та­ланбас бірегей қылқалам иесін еске алуға арналады.