Қазақстан • 02 Тамыз, 2023

Еліміздегі мерекелердің жаңа тізімі бекітілді

1750 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет 27 шілдедегі қаулыға сәйкес мереке күндерінің тізбесін жаңа редакцияда бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздегі мерекелердің жаңа тізімі бекітілді

- «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, деп жазылған Үкімет қаулысында.

Қосымшаға сәйкес жаңа тізімде 19 мереке бар:

1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;

2. Алғыс айту күні – 1 наурыз;

3. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі;

4. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;

6. Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі;

7. Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі;

8. Абай күні – 10 тамыз;

9. Спорт күні – тамыз айының үшінші жексенбісі;

10. Семей ядролық сынақ полигонының жабылатын күні – 29 тамыз;

11. Білім күні – 1 қыркүйек;

12. Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;

13. Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек;

14. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;

15. Қарттар күні – 1 қазан;

16. Нан күні – 16 қазан;

17. Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша;

18. Ұлттық валюта – теңге күні – 15 қараша;

19. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.

Айта кетейік, бұл мерекелік тізімнен барлық кәсіби мерекелер алынды.

Дегенмен мерекелік күндер Әкелер күнімен толықтырылды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35