Теннис • 01 Тамыз, 2023

Евсеев ерлеген күн

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен әлемдік рейтингте 412-сатыда тұрған жерлесіміз Денис Евсеев Астанада ұйымдастырылған Прези­дент кубогі аясындағы «Челленджер» жарысының жекелей сынында жеңім­паз атанды.

Евсеев ерлеген күн

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркел­ген жерлесіміз финалдық бәсекеде дүниежүзі­лік рейтингте 570-орында тұрған өзбекстан­дық Хумаюн Сұлтановпен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші сетте Денис Евсеев 0:5 есебімен жеңіліп жатып, тамаша камбэк жасады. Қатарынан жеті геймде жеңіске жетіп, бірінші партияны 7:5 есебімен өз пайдасына аяқтады. Дегенмен, екінші сетте өзбекстандық спортшы бәрібір өз дегеніне жетіп, 6:2 есебімен таразы басын теңестірді.

Ал үшінші, шешуші партияда Денис Евсеев 6:4 есебімен жеңіске жетіп, өзінің спорттық жолындағы ең ірі табысына қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Тазалық ізетпен тартымды

Қоғам • Бүгін, 08:05

«Ақылды» сырға

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тұмау асқынып тұр

Қоғам • Бүгін, 07:53

Күн энергиясымен жүретін яхта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Шымкенттен – Стэнфордқа

Білім • Бүгін, 07:45