Қоғам • 31 Шілде, 2023

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан ережесі өзгерді

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді электрондық үкімет порталы арқылы теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыруға өтініш берерде биометриялық сәйкестендіру рәсімінен өту қажет. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан ережесі өзгерді

«Теориялық емтихан өткізгенде кандидат материалдар алмасып, теориялық емтихан тапсыру залынан шығып, қағаз, электрондық тасымалдағыштардағы ақпаратты және қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды пайдаланса, емтихан қабылданбайды. Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бұзу туралы акт жасалып, кандидатқа «тапсырған жоқ» деген баға қойылады. Теориялық емтиханды қайта тапсыруға үміткер кемі үш айдан кейін жіберіледі», делінген бұйрықта. 

Жүргізуші куәлігін алуға тапсырғанда емтихан кезінде мұндай рәсімнен үш рет өтеді: емтихан алдында, емтихан кезінде және емтихан аяқталған соң. 

Теориялық емтихан тапсыруға арналған сыныптар сигналдарда басуға арналған арнайы жабдықтар, бейнебақылау камералары мен емтиханның таза өткенін қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталуы қажет.