Қаржы • 28 Шілде, 2023

Доллар бағамы өсті

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,98 теңгеге көтеріліп, 445,68 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы өсті

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 62,24 теңгені (-0,04) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 495,37 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447 теңге, еуро 488,5-492,5 теңге, ресей рублі 4,81-5,03 теңге аралығында сатылып жатыр. 

Ал 28 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің бағасы 0,58%-ға төмендеп, барреліне 83,75 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада қыркүйек айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің баға белгіленімі 0,46%-ға арзандап, барреліне 79,72 долларды құрады.