Елорда • 26 Шілде, 2023

Астанада 12 автобустың бағыты өзгереді

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Манас көшесіндегі жол жұмыстарына байланысты 12 автобус бағыты уақытша қозғалыс тәртібін өзгертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 12 автобустың бағыты өзгереді

«Қалалық көлік жүйелері» ММ хабарлауынша, Манас көшесінің бойындағы жолды жөндеуге байланысты Астанадағы №23, 48, 72, 80, 304, 313, 315, 316, 318, 321, 322, 327 автобус бағыттары өзгеріп жатыр.

№23 автобус Абылайхан даңғылы, Рысқұлбеков көшесі мен Құдайбердіұлы даңғылын айналып өтеді. №72 және №48 автобустар Абылайхан даңғылының бойымен өтіп, Рысқұлбеков көшесіне бұрылады. Басқа көрсетілген автобустар Абылай хан даңғылы мен Мұстафин көшесінен бұрылып, одан кейін Құдайбердіұлы даңғылымен жүреді.

Өзгерістер жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады.