Мультимедиа • 25 Шілде, 2023

Аңыз анимацияға айналады

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақанимация» шығармашылық бір­лес­тігі отандық 10 анимациялық студия­мен бірге түркітілдес елдерге ортақ ежел­гі аңыздарға негізделген қанатқақты ани­­ма­циялық жобаның өндірісін бас­тады.

Аңыз анимацияға айналады

Жоба аясында Ахмет Ясауидің бала­лық шағы, Қожанасырдың тап­қыр­лығы мен мифтік жаратылыстар туралы анимациялар түсіріледі. Анимациялық аль­манахқа кіретін туындылар сценариіне үш ай бұрын конкурс жарияланған болатын. Авторларға шығарманың көр­кем­дік деңгейінің жоғары болуы мен өт­кен тарихты бүгінгі күнмен байланыстыра білуі басты талап ретінде қойылған. Конкурсқа түркітілдес елдердің ұлы тұлғалары, қасиетті жануарлары мен жер-су атаулары, түркітілдес елдердің ортақ мерекелері мен ұлттық ойын-сауықтары туралы аңыздар негізінде жазылған 26 студиядан 40 сценарий келіп түскен. Арнайы ұйымдастырылған байқау нәти­жесінде «Үш Арыс», «Шырақ батыр мен бүркіт жайлы аңыз», «Лэйла. Түркі Патшайымының құпиясы», «Ашина – бі­рінші көктүрік», «Тұран», «Алтын көл», «Ахмет», «Қожанасыр және ұры», «Суындар» және «Жұмақ дегеніміз...» атты 10 анимациялық жоба қолдауға ие болды. Әр анимацияның хронометражы 5 минуттан асады.

– Өндіріске жіберілген пилоттық ани­­мациялық жобалар жанр жағынан да, тақырып бойынша да бір-біріне ұқса­майды. Әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен дараланады. Бұл жоба түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, қазақстандық студияларға жаңа нарықтарға шығып, көрермен аудиториясын кеңейтуге мүм­кіндік береді. Сондай-ақ бұл бола­шақта бауырлас елдермен бірлескен ани­ма­циялық жобалар жасаудың алғашқы қа­дамы, – деді МСМ Мәдениет комитеті төрағасының міндетін атқарушы Күміс Сейітова.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15