Ауа райы • 24 Шілде, 2023

Елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде атмосфералық бөліктердің өтуі әсерінен найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін.

«Солтүстік-батыс антициклонының екпінімен 25-26 шілдеде оңтүстікте, 27 шілдеде еліміздің батыс облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», делінген хабарламада.

Мамандардың болжамына қарағанда, температуралық фон күрт өзгермейді.