Бизнес • 24 Шілде, 2023

Кәсіпкер және жеңілдетілген қаржыландыру

133 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

KMF компаниясы «Даму» қорымен бірлесе отырып бизнес үшін жеңіл­детілген микроқаржыландыру бағдарламасы шең­бе­рін­де кәсіп­керлерге несие ұсынады. Микро, шағын және орта кәсіп иелері 27% (ЖТСМ 30,5%-ға дейін) мөлшерлеме бойынша қар­жы­лан­ды­ру­­ға ие болып, қаражатты айналым капиталын толық­ты­руға немесе өн­дірісті жаңғыртуға бағыттай алады. Оны рәсімдеу үшін көп құ­жат талап етілмейді.

Кәсіпкер және жеңілдетілген қаржыландыру

«Даму» қорымен серік­тес­­тігіміз аясында ұсынылып отыр­ған жеңіл­детілген қаржы­лан­ды­ру кәсіп­кер­лерге өз бизнесін дамыту үшін қажетті соманы тез алуға мүм­кін­­дік береді. Несие­леу мерзімі мақ­­сатқа байланыс­ты және оны 84 айға дейін алуға болады. Біз клиент­терге ба­рын­ша икемділік танытамыз, себебі кәсіпкерлер тарапынан қолжетімді микрокредиттерге деген қажеттіліктің жоғары екенін байқаймыз. Сондықтан біз­дің компания өнімдер мен қыз­метті бизнес­ке тартымды шарт­тармен ұсынуға тырысады. Бизнес иелері KMF сайты ар­қы­лы, мобильді қосымшамызда немесе жеке менеджері арқылы қар­жы­ландыруға өтінім бере алады, ол мақұлдағаннан кейін қаражат шотқа үш сағат ішінде түседі», дейді KMF компаниясының Сату және аймақтық желіні дамыту депар­таментінің директоры Арман Абылайхан.

KMF жыл сайын жүздеген мың кәсіпкерге қызмет көрсетеді және олардың басым бөлігі ауылдық жер­лерден, сондықтан олар үшін жеңіл­детілген пайыздық мөл­шерлемемен ұсынылатын қаржы­лан­­дырудың қолжетімді болуы аса маңызды.

«Бұл қаржыландыруды сау­да, қызмет көрсету, ауыл шаруа­шылығы салаларындағы бизнес иелері рәсім­дей алады. Қойы­ла­тын басты талап – кәсіпкер мәр­тебе­сін растау. Біз өз тарапы­мыз­дан жан-жақты қолдау көр­­сетіп, кеңес береміз. Жеке менед­жер­леріміз бизнестерін ба­ға­лау үшін клиенттерге өздері барады, бұл кәсіпкерлердің уақы­тын айтарлықтай үнемдейді әрі не­сие алу үдерісін жеделдету­ге мүмкіндік береді»,  дейді А.Абылайхан.

Айта кетейік, KMF компания­сы микро және шағын бизнеспен 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Компания клиенттерінің 90%-ға жуығы – кәсіпкерлер. Олар KMF мобильді қосымшасында, сайтта, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірінде бар бөлімшелерінде несиені алуға өтінімді рәсімдей алады. KMF-тің тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орта­лы­ғына 7474 номері арқылы қо­ңырау шалып, жеңілдікті мик­ро­­кредит туралы толық ақпа­рат­ты алуға болады.

Микроқаржылық қызметті жү­зеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы.