Ауа райы • 24 Шілде, 2023

Елдің бірнеше өңірінде 43 градусқа дейін ыстық болады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 шілдеге арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжам жасаған «Қазгидромет» синоптиктерінің мәлімдеуінше, еліміздің бірнеше өңірінде 43 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің бірнеше өңірінде 43 градусқа дейін ыстық болады

Атмосфералық фронт әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Найзағай жарқылдап, нөсер жаңбыр жауады. Тек қана оңтүстік, шығыс пен орталықта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика  бойынша жел күшейеді. Солтүстікте таңертең және түнде тұман түседі.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде күндіз 35-43°С аптап ыстық болады. Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және орталығында күндіз 42°С аптап ыстық күтіледі.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Атырау облысының батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. 

Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары.

Мамандар аптап ыстықта алыс сапарға шыққанда сақ болуды ескертеді.