Қоғам • 21 Шілде, 2023

Жаңа жоба жүзеге асады

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауылдарда мобильді қоғамдық кеңістіктер ұйымдастырылады. Олар Түркістан, Атырау облыстарының ауылдарында, сондай-ақ Алматы қаласының маңындағы аудандарда жұмыс істемек. Ілкімді іс Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар кеңістігі» жобасы іске асырылып жатыр.

Жаңа жоба жүзеге асады

Іс-шара шеңберінде «Әлеуметтік жобалар қоры» КҚ мобильді қоғамдық кеңістіктерді құрады әрі отбасылық танымдық демалысты ұйымдастырып, дәріптейді.

– Жоба аясында біз ауыл жас­та­рына ерекше көңіл бөлеміз. Жастар­дың облыс орталықтарына жетуіне қиындық келтірмеу үшін біздің жат­тықтырушылар өңірлерді өздері ара­лайтын болады. Ауылдарда біз жас­тарды мобилография, СММ, актер­лік шеберлік сияқты сұранысқа ие мамандықтарға, сондай-ақ алғашқы медици­налық көмек көрсету дағды­ларына оқытамыз. Жалпылай алғанда, Түркістан және Атырау облыстарына қарасты 10 ауылдың 200-ден астам жас тұрғынын оқыту курстарымен қамтуды жоспарлап отырмыз, – деді жоба жетекшісі Ербол Кеңгербаев.

Қысқамерзімді оқыту курстары­нан алғашқы болып Атырау облысы Қы­зылқоға ауданына қарасты Мия­лы ауылының жастары өтіпті. Ал отбасылық мәдени демалысты насихаттау мақсатында қоғам белсенділері балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі үйірме ұйымдастырып жатыр.

– Біз ескі отбасылық дәстүрлерді жан­дандырғымыз келеді. Барлық отбасы мүшесін аулаларды абаттан­дыру, ұя салу сынды қарапайым дүние­лерден бастап, ауқымды  іс-шараларға қатыстырмақпыз. Уақытты осылайша бірлесе өткізу отбасы институтын дамытуға оңтайлы әсер етеді. Бір жа­ғынан жанұядағы әр адамның эколо­гиялық сауаттарын ашуға үлес қосамыз. Бұл отбасылық мәдени демалыстың дамуына ықпал етеді деп сенеміз. Сондай-ақ біз «Музей түні», кино кештері сияқты іс-шараларды өткіземіз. Қатысушыларда сыни ойлауды жетілдіру мақсатында пікірсайыс үйірмелерін, қаржылық сауаттылықты арттыру және «Жастарға бизнес» әлеуметтік бейімделу жөніндегі іс-ша­раларды өткіземіз. Жалпы айта кетсем, «Жастар кеңістігі» жобасы 2024 жыл­дың соңында аяқталады, – деді жоба жетекшісі.