Қоғам • 19 Шілде, 2023

Абай облысында балабақша есепшісі 2,5 млн теңге жымқырған

675 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында балабақша есепшісі 2,5 млн теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында балабақша есепшісі 2,5 млн теңге жымқырған

Абай облысына қарасты Жарма ауданында балабақша есепшісі 2,5 млн теңгеден астам қаражатты өзіне заңсыз аударған.

Есепші мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізе отырып, оның көмегімен ақшалай қаражатты есептеу және аудару бойынша барлық қаржылық операцияларды жүзеге асырып отырған.

Ол «Onlinebank HALYK» бағдарламасы арқылы жалған электрондық төлем шоттарын жасаған. Әйел өзінің лауазымын асыра пайдаланып, 3 жыл бойы осы әдіспен өз есепшотына ақша аударып жүрген.

Нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің салдарынан есепші балабақшаға жалпы сомасы 2,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Айта кетсек, есепші өзінің кінәсін толық мойындады және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеді. Осылайша сот заттай дәлелдемелерге сүйене отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айыру түрінде үкім шығарды.

Әйелдің 14 жасқа толмаған 3 баласы бар болғандықтан ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15