Қоғам • 17 Шілде, 2023

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың киім үлгісі өзгереді

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін жаңа форма әзірлеуге кірісуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың киім үлгісі өзгереді

Министрдің тапсырмасына сәйкес жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылады, олар ыңғайлы және функционалды арнайы форма жасау жөніндегі қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың барлық ұсыныстарын ескереді. Жұмыс тобы осы бағыттағы ең үздік әлемдік тәжірибелерді де назарға алады.

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары көбінесе жеке құрам үшін қиын, әрі күрделі түрде өтеді. Осыған байланысты форма ыңғайлы да, функционалды да болуы керек. Біздің міндетіміз – құтқарушыларға өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде барынша жайлылықты қамтамасыз ету. Дәл осындай тактика оларды заманауи құтқару техникасымен қамтамасыз етуге қатысты болуы керек», деді Сырым Шәріпханов.