Білім • 13 Шілде, 2023

Қазақстанның жас математиктері Жапониядан олжалы қайтты

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Тиба қаласында өткен 64-ші халықаралық математикалық олимпиадада (IMO-2023) қазақстандық оқушылар бірден алты медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның жас математиктері Жапониядан олжалы қайтты

Оған әлемнің 112 елінен барлығы 618 оқушы қатысты.

Қазақстан құрамасы екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алып, әлемдік есепте 21-ші орынға ие болды:

II орын – Мирон Юркевич – Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы;

II орын – Райымбек Байшуақ – Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;

III орын – Жан Даутов - Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

III орын – Батырхан Сакенов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;

III орын – Владимир Роговский – Павлодар қаласының №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

III орын – Марғұлан Шарел – Жамбыл облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.

«Біздің ұлттық құраманың математика пәнінен халықаралық олимпиадада қол жеткізген нәтижелері мақтануға тұрарлық. Қазақстандық оқушылар әр қатысқан жылдары 16 алтын, 44 күміс, 75 қола медаль және 28 мақтау қағазын алды. Дәл осындай олимпиадалардың жүлдегерлеріне отандық ЖОО-на конкурстан тыс негізде оқуға мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар жеңімпаздар мен жарысқа дайындаған ұстаздарына бір реттік ақшалай сыйлық беріледі», деді Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.