11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы «Әскери құрылыс» ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты қарамағындағы адамдар бар.
Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарттар жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенеді.
Залалдың жалпы сомасы 596 млн теңгені құрайды.
Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.
Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа берілді.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтың және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR телеграм арнасына сілтеме жасап.
Ұлы дала жорығы: Үшінші маусым басталды
Ұлттық спорт • Бүгін, 14:06
Жаңаарқада Ұлттық ұлан батырын еске алуға арналған турнир аяқталды
Бокс • Бүгін, 13:13
ҚазҰУ-да коммуникация технологиясын дамыту зертханасы ашылды
Университет • Бүгін, 12:34
Аграрлық университетте САU филиалын құру келісіміне қол жеткізілді
Университет • Бүгін, 11:45
Құлсарылық 250 тұрғын мүлік залалын бағалау нәтижелерімен танысты
Аймақтар • Бүгін, 11:16
«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 09:55