Спорт • 10 Шілде, 2023

Қоржында – қола жүлде

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Седжон қала­сын­да ұйымдастырылған триатлон­нан Азия кубогінде жерлесіміз жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қоржында – қола жүлде

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­меті бойынша, ерлер арасындағы «элит» санатындағы жарыста отандасымыз Аян Бейсенбаев қола жүлдеге қол жеткізді. Ол белгіленген қашықтықты 52 минут 54 секундта бағын­дырған. Отандасымыз күміс жүлдегер жапониялық Рен Сатодан – 7, чемпион Аоба Ясумацудан 20 секундқа ғана қалып қойды.

Құрлық кубогінің жалпы жүлде қоры – 12 мың доллар. Оның ішінде чемпиондар – 1 500, күміс жүлдегерлер – 1 200, 3-орын алған триатлоншылар 900 долларға ие болды. Биылғы жарысқа 14 елден 100-ден аса кәсіби спортшы жиналған.

 

Соңғы жаңалықтар

Тазалық ізетпен тартымды

Қоғам • Бүгін, 08:05

«Ақылды» сырға

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тұмау асқынып тұр

Қоғам • Бүгін, 07:53

Күн энергиясымен жүретін яхта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Шымкенттен – Стэнфордқа

Білім • Бүгін, 07:45