Үкімет • 09 Шілде, 2023

Өңірлерде аптап ыстыққа байланысты қандай шаралар қабылданып жатыр?

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың республикамыздың бірқатар өңірінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлерде аптап ыстыққа байланысты қандай шаралар қабылданып жатыр?

Министрдің айтуынша, ауа райына байланысты азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне көшті.

«Үкімет басшысы ТЖМ-ге облыс әкімдіктерімен бірлесіп штаттан тыс жағдайларға, оның ішінде табиғи өртке және адамдардың судағы қауіпсіздігіне толық дайындықты қамтамасыз ету үшін қажетті күштер мен техникалық құралдарды жұмылдыруды тапсырды», делінген Үкімет таратқан хабарламада. 

Айта кетейік, елімізде алдағы үш күнде 43 градус ыстық болып, жаңбыр жауады.

Осыған байланысты ҚР ТЖМ азаматтық қорғау органдары ауа райының болжамды жағдайларына байланысты жоғары дайындық режиміне ауыстырылғанын хабарлаған еді.