Ауа райы • 02 Шілде, 2023

3 шілдеге арналған ауа райы болжамы

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 3 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 шілдеге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» мамандары хабарлағандай, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста нөсер болады деп болжанады. Республикамыздың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі. Республика бойынша жел екпіні күшейіп, оңтүстік өңірде шаңды дауыл тұрады, күндіз солтүстік-батыс өңірде бұршақ түседі, жел соғады, түнде және таңертең солтүстік, оңтүстік-батыс өңірде тұман болады», делінген хабарламада. 

Алматы, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады деп күтіледі.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, Атырау өңірінің батысында, Павлодар облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі жоғары болатыны ескертіледі. 

Қызылорда облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.