Президент • 30 Маусым, 2023

Президентке көліктерді тиімді заңдастыру мақсатында әзірленген жоба таныстырылды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президентке «Автокөлік құралдарын заңдастыру, жол-көлік апаты болған жерден материалдарды сақтандыру компанияларына беру» жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке көліктерді тиімді заңдастыру мақсатында әзірленген жоба таныстырылды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктер заңдастырылып жатыр. Осыған орай мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезекті оңтайландыру үшін өтінім қабылдауға арналған онлайн-сервис әзірленді.  Көлік құралына тексеріс түгелдей автоматты режимде жүргізіледі.  .

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетпен және «Мемлекеттік кредиттік бюромен» бірлесіп, жол-көлік оқиғасы туралы материалдарды төлем жасау үшін сақтандыру компанияларына онлайн беру жобасын жүзеге асырды.