Сенат • 29 Маусым, 2023

Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар мәртебесінен айыратын заң қабылданды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат отырысында «Кәсіптік біліктілік туралы» заң мен іліспе құжаты қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар мәртебесінен айыратын заң қабылданды

Қабылданған құжатқа сәкес, «Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы» заңға Қазақстанның «Ел бірлігі» (Халық бірлігі) орденін тағайындау жөніндегі ұсыныс қарастырлған және «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» заңға мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындау бөлігінде өзгеріс енгізіледі.

Яғни Нұрсұлтан Назарбаев өз атымен аталған мектеп, университет пен қор басшысы лауазымынан айырылады.