Оқиға • 29 Маусым, 2023

LRT бағанына соғылған жүргізуші қайтыс болды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

LRT бағанына соғылған жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

LRT бағанына соғылған жүргізуші қайтыс болды

«29 маусым күні сағат 06.04 шамасында «Chevrolet Malibu» көлігі Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, «Арыс» көпірінде рульге ие бола алмай қалды. Салдарынан бетон бағанға соғылды. 43 жастағы жүргізуші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген ПД мәліметінде.