Әлем • 27 Маусым, 2023

Түркияда жер сілкінді

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4,1 балдық жер сілкінісі Түркияның шығысындағы Элязиг провинциясында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда жер сілкінді

Табиғи апаттарды жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер асты дүмпулері Сивирч ауданында жергілікті уақыт бойынша 15:40-та (Астана уақыты бойынша 18:40-та) тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 4,99 шақырым тереңдікте болғандығы да нақтыланды.

Айта кетсек, 19 маусымда Түркияның Адана провинциясында 4 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.