Қоғам • 26 Маусым, 2023

Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзартыла ма?

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Алтынбек Жамалиев Қазақстанда көліктерді заңдастыру мерзімін ұзарту туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзартыла ма?

«Егер сіз 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерсеңіз, онда біз бұл өтінішті қараймыз. Дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. Ең бастысы 1 шілдеге дейін заңдастыруға өтініш беріп қойсаңыз болды», деді А.Жамалиев Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда 177 мыңнан астам автокөлік тіркелген.