Президент • 21 Маусым, 2023

Президент еріктілердің жұмысын жоғары бағалады

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Халықаралық еріктілер форумына қатысты. Президенттің айтуынша, Қазақстанда еріктілер қызметі жан-жақты дамып келе жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент еріктілердің жұмысын жоғары бағалады

«Бүгінгі форумға еліміздің әр түкпірінен және шет елдерден еріктілер арнайы келіп отыр. Халықаралық ұйымдардың өкілдері, мәртебелі меймандар қатысып отыр. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Кешеден бері өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салды, ұтымды ұсыныстар айтты. Тиімді жобаларын таныстырып, тәжірибе бөлісті. Мұның бәрі игі істерді жалғастыруға зор мүмкіндік береді», деді Президент форумның екінші күнінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда еріктілер қызметін жан-жақты дамыту үшін қажетті жағдай жасалып жатыр.

«Бұған мемлекет тарапынан қажетті жағдай жасалып жатыр. Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Осы саладағы барлық бастамаларды қолдаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.