Экономика • 20 Маусым, 2023

Agile – тиімді және жылдам қызмет драйвері

153 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Цифрландыру – бірнеше жылдан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан даму үрдісі. Ал пандемия кезеңі көптеген компанияның заманауи технологиялық шешім қабылдауын еселеп жылдамдатып, дербес IT-инфрақұрылымын дамытуды қолға алуға мәжбүр етті. Еліміздегі ең ірі микроқаржы ұйымы – KMF те осы жолмен жүруді ұйғарды. Компанияның Agile тәсілін қалай енгізгені, іскер ма­мандар тобы оны қалай қа­был­дағаны және осы жаңашыл­дықтың тұтынушыларға әсері туралы KMF Agile директоры Александра Ковалева айтып берді.

Agile – тиімді және жылдам қызмет драйвері

Бір жыл бұрын KMF-тің Agile-ге­ көшу эксперименті туралы шешім қа­был­данды. Сонымен қатар компания клиент­ке деген құрметін және олардың биз­несін дамытуға негізделген, 25 жыл­ бойы ұстанып келе жатқан басты құн­ды­лықтарын сақтауға тырысты. Agile өз кезегінде клиенттердің барлық талабы­на­ сәйкес келетін қызметтерді тиімді де­ жылдам енгізуге мүмкіндік беретін драй­верге айналды.

Жаңа сапалық деңгейге көшу тре­­­нинг­терден басталды. Компания маман­да­рының айтуынша, бұл трансформация­ны сынақ деуге болады. Себебі, біріншіден, бұл – бұрынғы жайлы әрі үйреншікті дағдылардан арылу және жобаларда мүмкіндігінше ашық болу. Екіншіден, жаңа цифрлық рельстерді қайта құру іспетті. Александра Ковалева Аgile-ге­ байланысты өткен тренингтердің ал­ғаш­қы қатысушыларының бірі болды. Тәуе­кел­дер жөніндегі директор лауазымына ие болған ол өзі де тәуекелге барғанын және сол үшін еш өкінбейтінін айтады. Оның айтуынша, мұндай шешім – кім­нің­ болсын өз қарым-қабілетін сынап көру­дің­ тамаша мүмкіндігі.

чсм

Суретте: KMF жеке менеджері және компания клиенті.

«Маған KMF-тегі Agile-ді бас­қару ұсынылғанда мен оны сынақ ре­­тінде қабылдадым. Дегенмен клиент­теріміз үшін пайдалы болатын цифр­лық өнім­дерді шығару үдерісінің басы-қасында болғым келді. Қазір клиент­теріміздің саны 260 мыңнан аса­ды. Осылайша, Agile директоры ре­тінде өмір жолым басталды», деп еске алды Александра Ковалева. Арнайы білім алып, бұл бағытты жетік меңгерген Agile іскерлер тобы клиент­тердің KMF-пен жылдам жұмыс істеуі үшін цифрлық қызмет көрсетуді іске қосу мақсатын алға қойған.

«KMF-те Agile дәріптелмеген еді. Қиындықтардың әлі де алда екенін жақсы түсіндік. Өмірімізде «ретроспек­тива, бэклог, демо, дейли митинг» деген сияқты жаңа ұғымдар пайда болды. Тәртіп пен өнімділік тәсілі арқылы жұмысымызды айтарлықтай өзгерте бастадық. Бірінші кезекте жұмыстағы тапсырмалар тізімін қысқарттық, ең негізгісін белгілеп, команда жұмысын ең маңызды әрі қолдан келетін жобаларға қарай бағыттадық. Сондай-ақ «блокерлер» деп аталатын кедергілерді жоюға кірістік», дейді А.Ковалева.

Қазіргі таңда бұл команда клиенттер мен қызметкерлерге арналған мо­бильді қосымшаны жақсартуға, несиелік құжаттарды цифрландыру мен CRM жүйесін жетілдіруге бар күш-жігерін салып жатыр.

«Айта кетейік, KMF клиенттерінің басым бөлігі – ауылды жердің кәсіп­керлері. Бәлкім, ІТ, цифрландыру, Agile немесе заманауи технологиялар­ ұғымын ауылмен сәйкестендіру әдеттегіден қиынырақ болуы мүмкін. Бірақ бұл қалыптасып қалған пікірге біз бар дауы­сымызбен «Жоқ!» дейміз. KMF клиент­тері, оның ішінде шалғай ауыл­дар мен өңірлердегі тұтынушылар Agile қызметін толыққанды пайдаланып отыр. Олар үшін бөлімшелерге барып-қайтатын уақытты үнемдеп, оны өз кәсібіне арнау аса маңызды.

Біз мобильді қосымшамызды ай­тарлықтай жаңарттық. Клиенттеріміз еш қиындықсыз, бірер минуттың ішінде белгілі бір соманы кез келген банк картасынан ала алады. Көп қағаз жинап жүрудің қажеті жоқ. Анықтамаларды да бір-екі түймені басып, онлайн алуға болады. Жақында бизнес-клиенттерімізге тағы бір жаңалық ұсынамыз, ол – іскер адамның қаржы есептерін жүргізуде керемет көмекші болатын қаржы дәптері», деді Александра.

KMF бөлімшелеріне келуді қалай­тындарға да барлық жағдай жасалған. Кеңселерде тегін wi-fi бар, ал көптеген үдеріс цифрлық форматқа көшкен. Тіп­ті бөлімшеге келген клиенттерге көп құжатқа қол қоюдың да қажеті жоқ. Бірер секунд ішінде ЭЦҚ немесе SMS кө­мегімен мобильді қосымшада құжаттарға қол қойып, мақұлданған соманы алуға болады.

«Электронды келісімшарттар бар­­­лық компаниялар үшін қолайлы. Себе­бі,­ біріншіден, клиенттерге қызмет көр­сету сапасы жақсарады, бөлімшелер жұ­мы­сының жылдамдығы артып, менед­жер­лер жұмысына түсетін салмақ азая­ды. Екіншіден, экология үшін де тап­тырмас көмек. Біз қаржыландыруға жа­уапкершілікпен қарауды қолдаймыз және цифрлық шешімдерді енгізумен қа­тар, ресурстарды саналы тұтыну мен сақ­тау бағытына бет алдық», дейді А.Ко­валева.

Компания жылдар бойы кәсіби маман қалыптастыру ісіне баса мән берді, жеке менеджерлер – сол игі жұ­мыстың нәтижесі. Олар өтінімдерді рәсімдеу, бизнесті бағалау немесе өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес беру үшін клиенттеріне өздері барады. Компания менеджерлері қосымшасы бар смартфондармен жабдықталған, бар болғаны бірнеше тетікті басу арқылы микроқаржыландыруға өтінім беруге, алдын ала мақұлдауды алуға, төлем кестесімен танысуға және тағы басқа қызметке қол жеткізуге болады. Клиент істеуге тиіс жалғыз шаруа – қажетті соманы алып, өз бизнесін дамыту.

«KMF клиенттері – экономиканың түрлі саласында қызмет ететін кәсіп­керлер. Олардың көпшілігі бизнестерін өз бетінше жүргізеді. Сондықтан біз олардың компаниямен қарым-қаты­насын барынша жеңілдетуге тырысамыз. Мысалы, қызметкердің мобильді қосымшасындағы функциялар үнемі жа­ңартылып отырады, біз оны менед­жерлердің жұмысын жеңілдететін, клиент­­терге бизнес орнында тез және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа «фичтермен» толықтырып отырамыз», дейді А.Ковалева.

Бүгінгі таңда KMF өз клиенттеріне ыңғайлы цифрлық қызметтің көптеген түрін ұсынып отыр, бұл олардың қаржы ұйымымен жұмыс істеу кезінде болатын үдерістерге алаңдамай, кәсібін одан әрі жүргізе беруіне мүмкіндік береді. KMF мамандарының айтуынша, Agile цифрлық трансформацияда басқарудың барлық деңгейіне еніп, өз философиясын қалыптастырып, негізгі рөлдердің бірін атқарады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицен­зиясы.

 

АЛМАТЫ