
Алдағы күндері терең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын айқындайды. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында – қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Төмен қысымды биіктік жырасы түнгі ауа температурасының солтүстікте 5-13 жылыға дейін, шығыста 7-15 жылыға дейін төмендеуіне ықпал етеді.