Қоғам • 19 Маусым, 2023

Астанада бес автобустың бағыты өзгерді

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жол жөндеу жұмысына байланысты кей автобустардың қозғалыс бағыты өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада бес автобустың бағыты өзгерді

City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметіне сүйенсек, № 5А, 6, 16, 37, 72 бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілген.

«Өзгерген қозғалыс сызбасымен компанияның әлеуметтік желідегі парақшаларындағы суреттен таныса аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», деп хабарлады CTS компаниясы.