Елорда • 17 Маусым, 2023

Астанада әкелер күніне орай Open Talks өтеді

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде әкелер күніне орай елордадағы Ботаникалық бақта 18 маусым күні «Әке – отбасының тірегі» – open talks іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада әкелер күніне орай Open Talks өтеді

Іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, «ата-ана» идеясын насихаттау, сондай-ақ ата-ана тәрбиесіндегі әкелердің рөлінің маңыздылығын көрсету.

Айта кету керек, биыл бұл мереке алғаш рет аталып өтеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, Үкімет мүшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және т.б. өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Іс-шараға қатысушыларға арнап әкелер күніне арналған әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, мерекелік концерт және балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылады.

Тіркелу 18 маусым күні сағат 10:30-дан 11:00-ге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35