Экономика • 15 Маусым, 2023

«Қазақстанда жасалған» брен­ді бәсекеге қабілетті ме?

8133 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда шығарылатын өнімдердің халықаралық нарықтағы танымалдылығы төмен. Мұнда маңдайы жарқыраған мұнайдан өзге, күллі әлемде көш бастаған уран өндірісін мысалға келтіруге болады. Осы тұста ет және ұн қосылған сапалы тағамдарға, кондитерлік өнімдерге сұраныс жоғары екендігін ескерген жөн.

«Қазақстанда жасалған» брен­ді бәсекеге қабілетті ме?

Халықаралық нарықта «Қазақстанда жасалған» брен­ді бәсекеге қабі­лет­ті ме? Осы сұрақтың жауабын «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Гүлмира Бағытқызы іздеп көрді.

Осы орайда автордың «Қазақстанда жасалған» өнім қашанғы қағажу көреді? материалына көз жүгіртіп өтсек.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінде бар-жоғы 400-ден астам отандық компания өз өнімдерін шетелге экспорттайды екен. Осы­ған қарап, жаһандық сауда сөре­сінде шикізаттық емес тауарлар экспортының үлесі әлі де төменгі деңгейде екендігін байқауға болады. Тіпті алысқа бармай-ақ сырт­қы нарық тұрмақ, өзіміздің ірілі-ұсақты сауда орындарын­да­ да шеттен жеткізілетін тауарлар­дың­ тасасында қалып қоятын отан­д­ық өнімнің жағдайы да мәз емес. 

Бұл ретте мақала авторы Қазақ­стан ет шаруашылығы одағы­ның төрағасы Мақсұт Бақты­баевтың пікірін сұрады.

«Бөлшек сауда саласындағы рет­­теулер мен нақтылық, заң жү­зінде белгіленген басым­дық­­тардың болмауынан, отан­дық тауар өндірушілердің на­рық­тағы орны елеусіз қа­лып келеді. Еліміздің сау­да­ сөрелерінде өзімізде өнді­ріл­ген өнімдер жоқтың қасы. Қа­зір әзірленіп жатқан «Қазақ­стан­да жасалған» жалпыұлттық бағ­дар­ламасында отандық өндірісті қол­дау мен дамыту мәселелері толығымен қамтылуы керек. Жалпы, біздің тауар өндірушілеріміз бұл бағдарламаны өзекті деп санағанымен, осыдан 10-15 жыл бұрын ерте жүзеге асырылғанда ісіміз өрге басып, халықаралық сауда нарығында да есебіміз түгел болар еді», деп ойын жеткізді Мақсұт Бақты­баев.

Гүлмира Бағытқызының жазуынша, сауда желілерінде импорт басым болғандықтан, тұтыну­шылардың отандық өнімге деген сенімі әлі де қалып­та­сар емес. Осы орайда отандық өндіру­шілер үшін «Қазақстанда жасал­ған» мемлекеттік бағдар­ла­масы аясында қолға алынған шара­лар, өзіміздің өнімдерге оң сеп­тігін тигізіп, өз кезегінде сапа­лы әрі қымбат емес азық-түлік­ті көбірек өндіруге мүмкін­дік­ туғызса, сонымен қатар им­порт­­тық өнімдерді емес, елдегі өн­­­ді­ру­шілердің мүддесіне сай қол­дау көрсетілсе жөн болар еді.

Қазіргі таңда кез келген отан­­­дық өндіруші белгілі бір өнім өндірсе де, сайып келгенде оның басты мәселесі - сол тауарды тиімді өткізу. Ауыл шаруа­шылығындағы тауар­ өндіру­шілердің көбісі өнімде­рін сатумен кәсіби түрде айналыса алмайды. Оған себеп те көп. Ал бөлшек сау­да желілеріне жүгінсе, олар шетелдік жеткізушілер жүк­те­ген ең қатал бәсекеге тап бо­лады. 

Қазірдің өзінде отандық азық-түлік өнімдеріне арналған сауда сөрелерін 50%-ға арттыру және өнер­кәсіптік тауарларға 10%-ын­­ бөлу туралы ұсыныстар талқы­ла­н­ып жатыр. Сала мамандары өзімізде өн­дірілетін өнімнің бірнеше санаты бойынша бөлшек сауда сөре­лерінің 70%-н­­а дейін бөлу керектігін ескереді.