Білім • 15 Маусым, 2023

IELTS және TOEFL балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды

680 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IELTS және TOEFL халықаралық стандартталған сертификаттарының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

IELTS және TOEFL балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріне сәйкес IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттары бар талапкерлер өз нәтижелерін «Ағылшын тілі» пәні бойынша ҰБТ балдарына ауыстыра алатынын айтты.

«Бұған дейін талапкерлерге IELTS балдары 6.0-ден жоғары болса ғана, «Ағылшын тілінен» 45 балл берілетін. Алайда көптеген талапкерде, ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгергендігін растайтын белгіленген балдан төмен IELTS сертификаттары болды. Сондықтан түлектер мен сарапшы мамандардың пікірін ескере отырып, биыл ҰБТ-да нәтижесі 5.5 IELTS сертификаттарын – 41, ал 5.0 балын 37 балға ауыстыру туралы шешім қабылданды. TOEFL сертификаттарының нәтижелерін ауыстыру бойынша да дәл осындай өзгерістер енгізілді. Бұл жаңалық «Ағылшын тілін» өзінің бейіндік пәні ретінде таңдаған тест тапсырушылардың жалпы нәтижелеріне оң әсерін тигізеді деп ойлаймын», деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025