Төтенше жағдай • 15 Маусым, 2023

Абай облысында өртті сөндіруге 60-тан астам ТЖМ авиаторы жұмылдырылды

7490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі 14 маусым күні Абай облысындағы өрт толық сөндірілгенін айтты. Министрліктің мәліметінше, Абай облысында өртті сөндіруге 60-тан астам ТЖМ авиаторы жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында өртті сөндіруге 60-тан астам ТЖМ авиаторы жұмылдырылды

Абай облысында өртті сөндіруге 60-тан астам ТЖМ авиаторы жұмылдырылған, олардың ішінде ұшу қызметінің тәжірибелі мамандарының 11 экипажы, әуе кемелерінде техникалық қызмет көрсету және орындау жөніндегі инженерлік-авиациялық қызметтердің 33 қызметкері, материалдық-техникалық жарақтандыру және жабдықтау мамандары, өңірлік бөлімшелердің директорлары бар.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, авиаторлардың жұмысы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00-де басталып, 23:00-ге дейін жалғасады, кейде одан кеш аяқталады. ТЖМ авиаторлары қауіпсіз ұшуды ғана емес, сонымен қатар авиатехниканы пайдалана отырып өртті сөндіру бойынша күрделі мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге тікелей жауапты.

Өрт басталғалы бері барлығы 2 100-ге жуық рет көлемі 6 000 тоннадан астам су төгілген.

 
Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025