Қоғам • 14 Маусым, 2023

Әлемдегі бақытты елдер: Қазақстан қай орында?

287 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бақыт туралы әркімнің түсінгі әр түрлі. Осыны ескере отырып, елдердің шынайы «бақыт индексін» қалай анықтауға болады? Жыл сайын тәуелсіз сарапшылар тобы әлем халықтары арасында сауалнама жүргізіп, бақыт индексінің көрсеткіштерін анықтайды. Бұл индексті анықтайтын зерттеулердің ішінде «World Happiness Report 2023» және «Global Happiness 2023» есептері де бар.

Әлемдегі бақытты елдер: Қазақстан қай орында?

Қай елдің халқы бақытты? Бұл сұраққа Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Бауыржан Серікбаев «Egemen Qazastan» газетіне жазған «Бақыт индексі қай деңгейде?» мақаласында жауап берді.

Тәуелсіз сарапшылардың зерттеуіне көз жүгіртсек, «Global Happiness 2023» көрсеткішін дайындайтын «IPSOS» компаниясы – 90 нарықта жұмыс істейтін және 18 мыңнан астам қызметкері бар ірі маркетингтік зерттеу компаниясы екенін аңғарамыз. Бұл зерттеу әлемнің 32 елінде өтіп, 18-74 жас аралығындағы 22 508 адамды қамтыған. Айта кетсек, зерттеу «Global Advisor» онлайн платформасы арқылы өткізілген.

20 наурыз - Халықаралық бақыт күні болып есептелетінін бірі білсе, екіншісі біле бермейді. БҰҰ Бас Ассамблеясы 66/281 қарарын осы мәселеге баса назар аударған. Азаматтардың тұрмысы әлеуметтік қамтылған және дені сау болса, олардың өмірге қанағаттану деңгейі де жоғары. 

Айта кетейік, өмір сүру ұзақтығы бойын­ша Финляндия алты жыл қатарынан 1-орында тұр. Сауалдама нәтижелеріне сәйкес, көпжылғы соғыстан зардап шеккен Ауғанстан мен Ливан ең бақытсыз елдер болып саналады. Мұндағы өмірдің орташа деңгейі ең бақытты он елге қарағанда бес ұпайға төмен. 

Халық табысының артуы - бақыт индексіне әсер ететін көрсет­кіштердің бірі. COVID-19-дың үш жылында жаһандық кедей­лік көрсеткіші аздап бәсеңдеген. Бұл құбылыс дағдарыс кезінде сенім мен әлеуметтік қолдаудың адамдардың бақытына қаншалықты әсер ететінін көрсетеді.

а

Үш жылға негізделген Бақыт рейтин­гіндегі мемлекеттердің көрсеткіші 2020-2022 жылдары

 

«World Happiness Report 2023» зерттеуіне сәйкес, әлемдік рейтингте алғашқы үштікке Финляндия, Дания мен Исландия мемлекеттері енсе, Қазақстан 44-орынға жайғасқан. 

Осы тұста табысы жоғары және орташа елдер­дің азаматтары арасында бірқатар айырмашылық бар екенін айта керек. Мәселен, экономикалық дамуға байланысты табысы жоғары елдердің азаматтары өз қауіпсіздігіне, материалдық мүлкіне, өмір сүру жағдайы мен жұмысына көбірек көңілі толады. Ал табысы орташа елдердің азаматтары жалпы сенім мен рухани өмірі, физикалық әл-ауқаты, туыстарымен қарым-қатынасы және өзіне берілетін бағаға көбірек басымдық береді екен.