Аймақтар • 08 Маусым, 2023

Ақмола облысында жол апатынан үш адам зардап шекті

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Аршалы ауданының аумағында Екатеринбург - Алматы автожолында жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында жол апатынан үш адам зардап шекті

Polisia.kz мәліметінше, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін сақтамай, бір бағытта кетіп бара жатқан тіркемесі бар КамАз-ға соғылған.

Салдарынан жүргізуші мен жеңіл көліктің екі жолаушысы зардап шекті.

Полиция қызметкерлері жол жүру ережесін мүлтіксіз сақтауды, шаршаңқы күйде көлік құралын жүргізбеуді  ескертті.