Ауа райы • 07 Маусым, 2023

Аптап ыстық қашан басылады?

6634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аптап ыстық қашан басылады?

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 9 маусым күні республиканың солтүстігінде, орталығында бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады.

«8 маусым күні шығыста өте қатты ыстық болады, 8-9 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +41 градусқа дейін ыстық сақталады. Сондай-ақ сол күндері солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста аптап ыстық бірте-бірте басылып, ауа температурасы +20 +28 градус болады», делінген хабарламада.