Спорт • 07 Маусым, 2023

Азия чемпионаты Алматыда өтеді

2550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда шахматтан Азия чем­пио­на­тының шымылдығы түрілді. Жүл­де қоры 100 мың АҚШ долларын құрай­тын жарыста 18 мемлекеттен келген 128 үздік ойыншы шеберлік байқасуда.

Азия чемпионаты Алматыда өтеді

Жарыстың ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Республикалық шахмат федерациясының пре­зиденті Тимур Турлов, Азия шахмат фе­дерациясының бас хатшысы Хишам әл-Тахер және өзге де лауазым иелері қатысты. «Халықаралық жарыстарды өткізу тәжірибесі біздің шахмат федерациясының жұмысын нығайтуға, елімізде осы өнерді дамытуға көп сеп­тігін тигізеді. Осындай іс-шаралардың ар­қа­сында Қазақстаннан әлі көптеген чем­пион­ның шығатынына сенімдімін», дейді Тур­лов.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Алғашқы тур­дың нәтижесінде Ри­нат Жұмабаев, Мұр­тас Қажығалиев, Денис Махнев, Нөгер­бек Қы­зыбек, Арнаш Бауыржан, Лия Құрман­ғалиева, Әмина Қайырбекова және тағы басқа жерлестеріміз жеңіске жетті. Аталған дода 12 маусымда өз мәресіне жетеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Доллар тағы да көтерілді

Қаржы • Бүгін, 16:35

Шыршаны балталау тыйылмай тұр

Аймақтар • Бүгін, 15:46

Ерлан Қарин: 1300-ге жуық жұмысшы мемлекеттік марапат алды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 15:37