Спорт • 04 Маусым, 2023

Астанада күресетіндер анықталды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-18 маусым аралығында дзюдо­дан Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam 2023 турнирінде Қазақ­станның әйелдер құрамасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.

Астанада күресетіндер анықталды

Команданың бас бапкері Ерлан Алпыс­баев осы жарысқа 23 шәкіртін қосуды жөн көрген екен. Солардың арасынан аса жеңіл салмақтағы Әбиба Әбужақынованы ерекше атап өткен жөн. Былтыр әлем чемпионаты­ның қола жүлдегері атанып, қатарынан екі жыл Азия біріншілігінің финалисі болған Әбиба биыл Париж, Ұланбатыр, Әбу-Даби және Тбилисиде ұйымдастырылған Гранд-слэм мен Гранд-при турнирлерінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Әбибадан бөлек, елорда төрінде Ғалия Тынбаева, Жанерке Асқарова, Нұрайлым Сәрсенбек (48 кило), Толғанай Әбеуова, Құндыз Жылқыбай, Гауһар Ирмағамбето­ва (52 кило), Севара Нышанбаева, Бақыт Құсақбаева, Балнұр Құрманбай, Дана Әбдірова (57 кило), Мөлдір Нарынова, Эсмигюль Куюлова, Анастасия Морозо­ва (63 кило), Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы, Диана Телбаева (70 кило), Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова, Маргарита Гриценко (78 кило), Кәмила Берліқаш, Ақерке Рамазанова және Назгүл Маратова (78 кило) бақ сынайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Асауға тұсау салынды ма?

Өнер • Бүгін, 10:00

579 млрд теңге инвестиция тартылды

Экономика • Бүгін, 09:25