Саясат • 30 Мамыр, 2023

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақорда» резиденциясында бес елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Сенім грамоталарын Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Науман Башир Бхатти, Корея Республикасының елшісі Тэ-ик Чжо, Филиппин  Республикасының елшісі Игорь Гарлит Байлен, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшісі Джанита Абейвикрема Лиянге және Ангола Республикасының елшісі Аугушту Да Сильва Кунья тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі.

Сондай-ақ Президент олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.

«Қазақстан бейбітшілікке негізделген сыртқы саясат жүргізеді. Біз ынтымақтастыққа, соның ішінде сіздердің елдеріңізбен тығыз қарым-қатынасқа ашықпыз. Сіздердің миссияларыңыз өте табысты болады деп сенемін. Қазақстан Үкіметі мен Президент Әкімшілігі Қазақстандағы миссияларыңызға қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастықты нығайта отырып, зор нәтижеге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15