Өнер • 30 Мамыр, 2023

«Жұбайымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы

10230 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Нурикамал» әнін 5-6 жасымнан тыңдап өстім. Сол кезден санамда жатталып қалған. Ал әннің тарихын кейін білдім. Бұл өзі қызық. Әнді білмейтін тыңдарман кемде-кем шығар. Бірақ кейінгі буынның көбі оның қалай туғанынан бейхабар.

«Жұбайымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы

Фото: khabar.kz Нурикамал Сейітжанова

Бір ғұмыр бір әннің ғұмыры үшін жаралғандай. Ең таза сезім мен өнер үшін... Әннің бойындағы нәзіктік пен сырлы саз туындыға муза болған Нурикамалдың бейнесі. Ән кейіпкердің атымен аталған.

«Жүрегімді елжіреткен,

Жаным, қандай жайдары едің», осы жолдарда композитордың ғашықтық күйі бар. Қызығы, ән мәтінін композитордың жары жазып берген.

«Біз көктемде бала-шағамызды ертіп, достармен табиғат аясына шықтық. Үш қызыммен гүл теріп жүргенде жұбайыма көзім түсті. Бір төбешікте темекіні бұрқыратып тұр екен. «Мынаған не болды?» деп ойладым. Көп өтпей самаурын да қайнады. Тұрдыекең шайдың алдында Нурикамалды биге шақырды. Ол бас тартты.  «Менің күйеуім шақырғанда биге шықпайтын бұл қандай әйел?» деп таңырқадым. Сосын жұбайымның ғашық болғанын аңғардым. Сол күні табиғат аясына бірге барғанымызбен, қайтуымыз бөлек болды.

Үйге келген соң жатын бөлмеде балалармен жаттым. Кенет пианиноның дауысын естідім. Бір ерекше әннің өмірге келгенін сездім. Жұбайым оны қайта-қайта ойнады. Әні бар, бірақ сөз жоқ. Тек ыңыл ғана. Сосын жұбайымның бөлмесіне барып, одан қалам мен қағаз сұрадым. Тұншығып, жарыққа шыға алмай жатқан сөзін жазбақ болдым.

«Аспандағы ай ма дедім,

Жастық шағым қайда менің?

Жүрегімді елжіреткен,

Жаным, қандай жайдары едің», деген өлең жолдары ойыма келді. Қағазға түсірдім.

«Осы ма айтқың келгені?» дедім.

Ол «осы» деп қысқа қайырды.

Сосын ғашық болған адамының есімін сұрадым.

«Нурикамал, Камалым-ай,

Күндей ашық жанарың-ай,

Қолым жетпей, сөзім де өтпей,

Жаутаңдадым, қабағыңа-ай, қарағым-ай» деп жаздым. Әуеніне сөзі үйлесе кетті. Ары қарай тағы екі шумағын қағазға түсірдім. Сосын ол әнді мәтінімен бірге айтып көрді. Ұнатты, маған да ұнады.

Кейін арада біраз уақыт өткен соң мен Нурикамалға бұл әннің өзіне арнап жазылғанын айттым. Ол кезде біз онымен дос ретінде араласатынбыз», дейді композитордың жары сұхбаттарының бірінде.

Ақын Ханбибі Есқарақызы естелігінде: «Ол қандай адам, менен артық па?» деп ойладым. Әйелдің барлығында дерлік эгоистік сезім болады. Бірақ көбі жағдайдың байыбына бара бермейді», деп әйелге тән қызғаныштың болғанын жасырмайды. Дегенмен, Нурикамалды көргеннен кейін күйеуінің талғамына риза болғанын айтады. «Ол бойжеткенге ғашық болмау мүмкін емес еді. Осылайша, «Нурикамал» әні дүниеге келді. Бұл әнді Естайдың Қорланы сияқты бағаладым», дейді ақын.

1

Композитор Тұрдықылыш Ізтаевтың «Нурикамалы» көпшілікке Жұбаныш Жексенұлының орындауында танылды. Ал әннің алғашқы орындаушысы Құрман Шойынбеков болған.

Әннің кейіпкері Нурикамал 2021 жылы дүниеден өтті.

.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15