Спорт • 29 Мамыр, 2023

Қазақстанның VI жазғы спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Таразда Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның VI жазғы спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Қазақстан Республикасының жазғы спартакиадасы еліміздегі ең маңызды спорттық іс-шара. 

Спартакиада республика өңірлерінде спортшыларды даярлау жөніндегі спорт ұйымдарының жұмысын қорытындылау мақсатында өткізілмек.

Сондай-ақ жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командалары жасақталады. 

Жазғы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі Ханчжоуда өтетін 19-шы жазғы Азия ойындарының және 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында ұйымдастырылып жатыр.

Айта кетейік, төртжылдықтың басты додасында грек-рим күресі, әйелдер күресі, еркін күрес, таеквондо, үстел теннисі, тректегі велосипед спорты, семсерлесу, спорттық гимнастика, батут гимнастикасы, бокс (әйелдер), баскетбол (ерлер, әйелдер), көркем гимнастика, волейбол (ерлер,әйелдер), дзюдо (ерлер, әйелдер), су добы (ерлер, әйелдер), қол добы (ерлер, әйелдер), садақ ату, байдарка мен каноэде есу, жүзу, велосипед спорты (тас жол), жеңіл атлетика, ауыр атлетика, оқпен ату, теннис, триатлон, стенд ату, бокс (ерлер) сынды спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынбақ.

Соның ішінде 3 спорт түрінен жарыс Тараз қаласында өтеді.