Қостанай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 мамыр күні кешке Үлкен көпірде 32 жастағы тұрғын тұрған. Оны байқаған қала тұрғындары полицияға хабар берген.
«Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жеткен. Қостанай қаласының 1990 жылы туған тұрғын полициямен сөйлесуден бас тартқан, өзін агрессивті ұстаған. Алайда полиция қызметкерлері әйелмен сөйлесіп, оның мұндай әрекетінің себебін анықтап үлгерді», деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әйел полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оны туыстары сол жерден алып кеткен.