Коронавирус • 28 Мамыр, 2023

Коронавирустың аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирустың аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ «Ashyq» жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды. Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.

Сонымен қатар COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлаймыз. Вирустың таралуы жалғасып жатыр, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37