
Жұмыс Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде. Жөндеу жұмысы Ә.Молдағұлова көшесінде Бекетай көшесінен Г. Потанин көшесіне дейін басталды.
Осыған байланысты биыл 27 мамырдан 1 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.