Әлем • 25 Мамыр, 2023

Армения мен Әзербайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын өзара мойындады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында Армения мен Әзербайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын өзара мойындауға келіскенін жеткізді, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Армения мен Әзербайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын өзара мойындады

«Мен, өз тарапымнан, Армения мен Әзербайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын өзара мойындауға келіскенін растағым келеді әрі осы негізде біз қарым-қатынасымызды реттеуде өте жақсы ілгерілеуге қол жеткізудеміз деп айтуға болады»,  деп ТАСС Пашинянның сөзін келтіреді.

Сонымен қатар ол жуырда Баку мен Степанакерттің салмақты сындарлы диалогы басталатынын атап өтті.

Президент Әлиевтің айтуынша, Әзербайжанның Арменияға қарсы территориялық талаптары жоқ.

«Баку мен Ереванның бейбіт келісімге келу мүмкіндігі бар, әсіресе Армения Қарабақты Әзербайжанның бір бөлігі ретінде ресми түрде мойындағанын ескерсек», деп жауап берді Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев.