Саясат • 23 Мамыр, 2023

Әлихан Смайылов Қатар экономикалық форумына қатысып жатыр

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Доха қаласында өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Қатар экономикалық форумына қатысып жатыр

Биылғы іс-шара жаһандық экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктеріне арналды. Атап айтқанда, дамушы нарықтарға инвестиция салу, жаңа энергетикаға көшу, сауда мен жұмысқа жасанды интеллектіні, блокчейн және басқа да технологияларды енгізу сияқты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.

Форумға шет мемлекеттер мен үкіметтердің, әлемдік ірі корпорациялардың басшылары, жаһандық инвесторлар, сондай-ақ тікелей инвестициялар саласындағы жетекші сарапшылар мен танымал журналистер қатысып жатыр.  

Іс-шара аясында Әлихан Смайылов Қатар Әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министр – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдурахман Әл Тәнимен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар ірі компаниялар мен қаржы ұйымдарының басшыларымен келіссөздер жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Хандарды қашап сомдаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:40

Басым бағыттар айқындалды

Саясат • Бүгін, 09:20

Басылым бәсі артса игі

Басылым • Бүгін, 09:10

Кен орнындағы рекордтық көрсеткіш

Пайдалы қазбалар • Бүгін, 09:00

Ұлттың рухани темірқазығы

Басылым • Бүгін, 08:55

Шаруасы жайқалған жылыжай

Шаруашылық • Бүгін, 08:45