Аймақтар • 22 Мамыр, 2023

Жетісу облысында Tesla көліктері тиелген жүк көлігі аударылып қалды

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 мамырда Жетісу облысындағы Арқарлы асуында Tesla көліктері тиелген жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында Tesla көліктері тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Алматы – Өскемен тас жолының 143-шақырымында Scania көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Көлікті 39 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан. Ол 7 Tesla көлігін Алматыға апара жатқан.

Облыстық полиция департаменті жол апатынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады.