ANTIKOR • 17 Мамыр, 2023

Астанадағы қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы тергеуге алынды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаеваны тергеуге алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы тергеуге алынды

Ведомствоның мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.

Әлия Қожабаева 1977 жылы 28 маусымда дүниеге келген.

2000 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.