Қоғам • 15 Мамыр, 2023

Алматыда тегін балалар үйірмесіне жазылу тоқтатылды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Damubala.kz сайты арқылы балалар үйірмелеріне өтініш қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz интернет-платформаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда тегін балалар үйірмесіне жазылу тоқтатылды

«Алдағы уақытта шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына кезекте тұрғандарға орын болған кезде қайта жалғасады. Уақыты қосымша хабарланады. Үйірмедегі немесе секциядағы орын саны баланың басқа қалаға көшуіне, жолдамадан бас тартуына және ауырып келмеуіне байланысты бос болуы мүмкін», делінген жазбада.

Айта кетсек, биыл қалада тегін секцияларға 65 мың жолдама бөлінді. 

Енді балалар үйірмелерге бос орын болған кезде ғана жазыла алады.

Алматы әкімдігі биыл жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін 65 739 ваучерге есептелген 16,2 млрд теңге бөлді, оның 30 495 орны – спорт секцияларына, 35 244 орны – шығармашылық үйірмелерге арналған.