Спорт • 10 Мамыр, 2023

Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатында бақ сынайды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катарда өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында ел құрамасынан сынға түсетін спортшылардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатында бақ сынайды

Бүгін ерлер құрамасынан Абылайхан Жұбаназар (81 келі) мен әйелдер құрамасынан Эсмигүл Құюлова (63 келі) татами төрінде тайталасқа түседі.

Қазақстандық Абылайхан Жұбаназар алғашқы белдесуінде португалиялық Жуан Фернандумен шеберлік байқасса, Эсмигүл Құюлованың екінші іріктеу сатысындағы қарсыласы - Камила Бадурова.

Белдесулер «Qazsport» телеарнасында елорда уақытымен 13:30, 20:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

9 мамырда ел құрамасынан ерлер арасында 73 келі салмақта Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, әйелдерден Бақыт Құсақбаева алғашқы іріктеу сатыларында есе жіберді. 

Ал одан бұрын Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Елдос Сметов пен Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева (48 келі) жарысты ерте аяқтады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25